Сенің тамағың - сенің күшің

Button
Septolete сайтымен өзара әрекеттесуді орнату үшін Google Chrome, Safari немесе Mozilla Firefox және т. б. браузерлерін пайдалануды ұсынамыз.

Тамақ ауруының профилактикасы:
өзіңізді қалай қорғай аласыз?

Тамақ ауруының профилактикасы: өзіңізді қалай қорғай аласыз?

Ең жақсы ем – ол профилактика!

Көбінесе тамақтың ауыруы инфекциядан – вирустардан (көп жағдайда), бактериялар мен зеңдерден туындайтыны дәлелденді. Сондықтан, бұл жерде айқын жауап сұранып тұр – науқастармен қарым-қатынас болмау. Бірақ, әр адам қоғамның бір бөлігі болып табылатын қазіргі әлемде, әрине, қарым-қатынастан аулақ болу мүмкін емес.

Өзіңізді қалай қауіпсіздендіруге болады?

Қарапайым ережелер бар:

  • қоғамдық орынға барған сайын қолыңызды жуыңыз, тіпті егер сіз кіреберіске кіріп, пошта жәшігінен бірдеңе алу немесе қоқысты шығару үшін түссеңіз де, үйге оралғанда қолыңызды жуыңыз
  • бетке, әсіресе көзге, ауызға және мұрынға мүмкіндігінше қолыңызды сирек тигізуге тырысыңыз – вирустар мен бактериялар шырышты қабыққа түсіп, көбейе бастайды
  • ешкіммен тамақпен, асхана аспаптарымен, су бар бөтелкемен, майлықпен немесе сүлгімен бөліспеңіз
  • қоғамдық орындарда телефонды әртүрлі беткейлерге қоймаңыз, мысалы, егер сіз мейрамханада болсаңыз – телефонды қалтаңызда немесе сөмкеңізде қалдырыңыз, дәретханаға барған кезде оны шұңғылшаға қоймаңыз.
  • спортзалда телефонды тренажерларға қоймаңыз, сүлгіні мойныңызда ұстаған дұрыс, егер сіз оны өзіңізбен бірге залға апарсаңыз
  • егер сіздің әріптесіңізде немесе досыңызда суық тию симптомдары болса, қол ұстасудан және құшақтасудан аулақ болыңыз
Маусымдық инфекциялар кезінде организмді қалай демеу керек?

Күзде және қыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар жазға қарағанда жиі кездесетінін бәріміз білеміз. Тамақтың ауыруы – ЖРВИ симптомдарының бірі. Біздің иммундық жүйеміз неғұрлым күшті болса, организм вирустарға соғұрлым сезімтал болады.

  • ұйқы мен сергектік режимін сақтауға тырысыңыз  – толық түнгі ұйқы организмді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
  • азық-түлік организмнің өз қорларын жұмсамау үшін дәрумендер мен минералдарға бай болуы керек; жаңа піскен көкөністерді, жемістерді, жаңғақтарды көбірек жеңіз; “жылдам” (тәттілер, ұн өнімдері) мен “баяу” (жарма) көмірсулардың арасынан “баяу” түрін таңдаңыз
  • сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішіңіз, ең дұрысы – жай су немесе қою емес шай, шырындардың құрамында қант көп.
  • шылым шекпеңіз
  • алкоголь мен кофені шамадан тыс тұтынбаңыз
  • үнемі спортпен шұғылданыңыз – спортзалға абонемент алу қажет емес: үйде 15-20 минуттық жаттығу жасау немесе 30 минуттық серуендеу организмді жақсы күйде ұстауға көмектеседі.
  • салқындатылмаңыз – далаға шешініп шықпаңыз, ауа-райына қарай киініңіз. Аяқ киіміңіз ауа райна сай болғанын қадағалаңыз
  • егер сыртта аяз болса, мұрын арқылы дем алуға тырысыңыз
  • бөлмедегі ауаның жеткілікті ылғалдылығын сақтаңыз

Өзін-өзі емдеу денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.

Аурудың кез-келген белгілері кезінде дереу емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Бұл қызықты!

Барлық мақалалар