Кеңестер - Септабене https://www.septolete-kz.com/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/ Trojna moč, ki hitro uglasi vaše boleče grlo. Fri, 02 Sep 2022 15:08:58 +0000 kk-KZ hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.0.2 /wp-content/uploads/cropped-512-400x400.png Кеңестер - Септабене https://www.septolete-kz.com/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/ 32 32 Тамақтың ауыру себептері https://www.septolete-kz.com/kz/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/prichiny-boli-v-gorle/ https://www.septolete-kz.com/kz/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/prichiny-boli-v-gorle/#respond Sat, 09 Oct 2021 08:05:00 +0000 https://www.septolete-kz.com/?p=921 Сообщение Тамақтың ауыру себептері появились сначала на Септабене.

]]>

Ешкімге ауырған ұнамайды. Тамақтың ауыруы кенеттен пайда болып, жұтыну кезіндегі қиындықтан бастап дауыстың толық жоғалуына дейін қосымша жағымсыз симптомдармен қатар жүруі мүмкін. Тамақтың ауыруына не себеп болуы мүмкін екенін талдайық.

Тамақтың ауыруын туындататын ауруларды тамақтың зардап шеккен бөлігіне байланысты келесідей ажыратуға болады:

  • Фарингит – жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы.
  • Тонзиллит – бадамшабездердің ісінуі және қызаруы.
  • Ларингит – көмейдің ісінуі және қызаруы.

Тамақтың ауыруы көп жағдайда инфекциялардан, қоршаған орта факторларының әсерінен (құрғақ немесе шаңды ауа) немесе жарақаттанудан туындайды.  Төменде біз анағұрлым көп кездесетіндерді қарастырамыз.

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа вирустар

Әр түрлі бағалаулар бойынша, 50-ден 95% – ға дейін тамақтың ауыруы вирустардан туындайды. Тамақтың ауыруын туындататын вирустық ауруларға мыналар жатады:

  • ЖРВИ
  • тұмау
  • мононуклеоз
  • қызылша
  • желшешек
  • паротит
Стрептококкты баспа және басқа бактериялық инфекциялар

Бактериялық инфекциялар тамақтың ауыруын туындатуы мүмкін. Олардың ішіндегі ең көп тарағаны – баспа, бадамшабезге әсер ететін инфекция. Ол А тобының Streptococcus бактерияларынан туындаған. Стрептококкты баспа балалардағы тамақ ауыруының 30-40% – ына дейін жағдайлардың себебі болып табылады.

Гонорея және хламидиоз сияқты жыныстық жолмен берілетін инфекциялар да тамақтың ауыруын туындатуы мүмкін.

Құрғақ ауа

Құрғақ ауа ауыз қуысы мен тамақты қажетті ылғалдан айырады. Қыс айларында жұмыс істеп тұрған жылыту кезінде бөлмедегі ауа көбіне құрғақ болады. Бұл жағымсыз сезінуге – құрғақтық пен жыбырлауға әкеп соғады.

Түтін, химиялық заттар және басқа тітіркендіргіштер

Қоршаған ортадағы көптеген заттар тамақты тітіркендіреді, соның ішінде:

  • шылым және басқа шылым түтіні (мысалы, кальяннан)
  • қалалық және өнеркәсіптік ортадағы ауаның ластануы
  • тазалау құралдары және басқа химиялық заттар
Жарақат

Мойын аумағындағы кез-келген жарақат тамақтың ауыруын туындатуы мүмкін. Тығындалып қалған тамақ тітіркенуді туындатуы мүмкін.

Дауыс байламдары мен көмей бұлшықеттерінің ұзақ уақыт бойы ширығуы жай өтпейді. Тамақтың ауыруы ұзақ уақыт айқайлағаннан, қатты сөйлегеннен немесе ән айтқаннан кейін пайда болуы мүмкін. Көбінесе айқайлауға тура келетін нұсқаушылар мен фитнес жаттықтырушылары тамақтың ауруына жиі шағымданады.

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) — бұл асқазандағы қышқыл тамақ ауыз қуысынан асқазанға жылжитын түтікке – өңешке түскен кездегі жай-күй. Қышқыл қыжыл мен тамаққа қышқылдың лоқсуын – қышқылдық рефлюксті туындата отырып, тамақ пен өңешті “күйдіреді”. Бұл өз кезегінде тамақтың ауыру мен жыбырлау, дауыстың қарлығу себебі болып табылады.

Тамақтың ауырсынуын емдеуді бастамас бұрын, оның пайда болу себебін түсіну өте маңызды.

Өзін-өзі емдеу денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.

Аурудың кез-келген белгілері кезінде дереу емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Сообщение Тамақтың ауыру себептері появились сначала на Септабене.

]]>
https://www.septolete-kz.com/kz/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/prichiny-boli-v-gorle/feed/ 0
ЖРВИ маусымында нені білу керек? https://www.septolete-kz.com/kz/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/chto-vazhno-znat-v-sezon-orvi/ https://www.septolete-kz.com/kz/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/chto-vazhno-znat-v-sezon-orvi/#respond Fri, 08 Oct 2021 12:58:00 +0000 https://www.septolete-kz.com/?p=954 Сообщение ЖРВИ маусымында нені білу керек? появились сначала на Септабене.

]]>

Вирустық инфекциялардың өршуі кезінде көбіміз вирустар тамақ ауыруының себебі болуы мүмкін бе деп қауіптене бастадық және тамақтың ауыруы инфекциядан туындаған жағдайда не істеу керек

Шынында да, тамақ ауыруының сипаты көбінесе инфекциялық болып табылады. Әр түрлі бағалаулар бойынша 50-ден 95% – на дейін жағдайларда вирустар себеп болған (1). Бұл статистика тек ағымдағы маусымға ғана қатысты емес. Бактериялар мен зеңдер де инфекциялық қоздырғыштар болуы мүмкін.

Бұл жағдайда емдеуді қалай таңдауға болады және неге назар аудару керек?
Тамақ ауыруының инфекциялық себебін жеңу үшін препарат құрамында антисептик болуы керек.  Оның қандай әсері бар екенін қолдану жөніндегі нұсқаулықтан табуға болады.

Цетилпиридиний хлоридінің антисептикалық әсері ондаған жылдар бойы зерттелген. Оның вирулицидті әсері бар және қабығы бар вирустарға, ЖРВИ туындататын вирустарға (тұмау, парагрипп, аденовирустар, риновирустар, коронавирустар және т.б.) тиімді екендігі белгілі. 

Цетилпиридиний хлориді вирустың қабығын зақымдайды және бұл оның құрылымының бұзылуына әкеп соғады(2). Ол сондай-ақ бактериялық және зеңді қоздырғыштарға қатысты белсенді.

Осылайша, осы немесе басқа антисептиктің әсері қандай екенін біле отырып, егер тамығыңыздың ауыру себебі инфекциялық қоздырғыш болса, пайдалы болады ма әлде жоқ па деп болжауға болады.
Препаратты таңдағанда, қолдану нұсқауларын мұқият және толық оқып шығу маңызды екенін ескеріңіз.

Өзін-өзі емдеу денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.

Аурудың кез-келген белгілері кезінде дереу емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Сообщение ЖРВИ маусымында нені білу керек? появились сначала на Септабене.

]]>
https://www.septolete-kz.com/kz/barly%d2%9b-ma%d2%9balalar/ke%d2%a3ester/chto-vazhno-znat-v-sezon-orvi/feed/ 0